«Мойынқұм» мешітінде бас имам Ержан Көшкімбайдың ұйымдастыруымен жас әкелерге арналған «Әке – отбасының тірегі» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шара барысында отбасы институтының қоғамдағы маңызы, әкенің бала тәрбиесіндегі рөлі мен жауапкершілігі кеңінен түсіндірілді. Бас имам қасиетті Ислам дінінде әкенің орны ерекше екенін атап өтіп, ұрпақ тәрбиесінде өнегелі әке болудың маңыздылығына тоқталды.
Семинар барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, отбасы бірлігін нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелер төңірегінде ой бөлісті. Сондай-ақ жастарға отбасындағы сыйластық пен жауапкершілікті арттыруға қатысты пайдалы кеңестер берілді.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


24 Маусым 2026
8 Мухаррам 1448

