«Мойынқұм» мешітінде ауданның имамдарға арналған пәтуа сағаты өтті. Кездесу барысында «Имамның тұлғалық бейнесі» тақырыбы кеңінен талқыланды.
Басқосуда имамның қоғамдағы орны, қызметтік әдебі, жауапкершілігі және халықпен қарым-қатынас мәдениеті жөнінде насихат айтылды. Бас имам Ержан Көшкімбай дін қызметкерінің білімді, көркем мінезді, сабырлы әрі елге үлгі болатын тұлға болуы қажеттігін атап өтті.
Пәтуа сағаты барысында имамдардың қызмет барысында кездесетін өзекті мәселелері қарастырылып, пәтуаға қатысты түсіндірмелер берілді. Сондай-ақ діни қызметтің сапасын арттыру, жамағатпен байланысты нығайту және рухани тәрбие жұмыстарын жетілдіру жолдары талқыланды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


24 Маусым 2026
8 Мухаррам 1448

