«Мойынқұм» мешітінде ауданның бас имамы Ержан Көшкімбайдың ұйымдастыруымен имамдарға арналған «Дін мен дәстүр» тақырыбында семинар өтті.
Семинар барысында халқымыздың салт-дәстүрлері мен Ислам дінінің өзара сабақтастығы, ұлттық құндылықтарды насихаттаудың маңызы және қоғамдағы діни тұрақтылықты нығайту мәселелері кеңінен талқыланды. Бас имам дәстүр мен діннің бір-біріне қайшы келмейтінін, керісінше ұлттың рухани тұтастығын қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Кездесу барысында имамдар өзара пікір алмасып, дін мен дәстүрді дәріптеу бағытындағы жұмыстарды жетілдіру жолдарын қарастырды. Сондай-ақ қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер төңірегінде ой бөлісіп, халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтудің маңыздылығына тоқталды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



14 Қыркүйек 2026
1 Раби-сани 1448

