Мойынқұм ауданында ауданның бас имамы Ержан Көшкімбайдың ұйымдастыруымен имамдарға арналған 10 күндік оқу курсы өз жұмысын бастады.
Курстың негізгі мақсаты – имамдардың діни білімін жетілдіру, кәсіби біліктілігін арттыру және діни қызмет барысында кездесетін өзекті мәселелер бойынша тәжірибе алмасу. Оқу барысында қатысушыларға Құран және хадис ілімдері, діни рәсімдерді өткізу тәртібі, уағыз айту мәдениеті, сондай-ақ қоғаммен байланыс жасау бағыттары бойынша дәрістер оқылады.
Аталған оқу курсы аудан мешіттерінде қызмет атқарып жүрген имамдардың білімін жетілдіруге және халыққа көрсетілетін діни қызмет сапасын арттыруға өз үлесін қоспақ.
Мойынқұм ауданының «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



24 Маусым 2026
8 Мухаррам 1448

