Шу ауданындағы «Төле би» мешітінде аудан имамдарының қатысуымен кезекті жиналыс өтті. Жиынды ауданның бас имамы Алмас Кенжемолдаев пен имам Талғат Кәрібайұлы ұйымдастырды.
Жиналыс барысында аудан мешіттерінде атқарылып жатқан діни-ағарту жұмыстары сараланып, алдағы міндеттер нақтыланды. Сонымен қатар мешіттердің санитарлық жағдайы, дәретханалардың тазалығы, құжаттардың талапқа сай жүргізілуі және қауіпсіздік шараларын күшейту мәселелері кеңінен талқыланды.
Жиналыс соңында имамдар өзара пікір алмасып, көтерілген мәселелер бойынша ұсыныстарын ортаға салды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.


24 Маусым 2026
8 Мухаррам 1448

