Шу ауданындағы «Төле би» мешітінде ауылдық мешіт имамдарына арналған Құран дәрістері ұйымдастырылды. Дәрісті мешіттің бас имамы Талғат Кәрібайұлы жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – имамдардың діни білімін жетілдіру, Құран оқу деңгейін арттыру және білімдерін пысықтау болды. Дәріс барысында ауылдық мешіт имамдарының Құранды дұрыс әрі көркем оқу машықтары тексеріліп, тәжуид қағидаларын меңгеру деңгейлеріне назар аударылды.
Сонымен қатар қатысушыларға Құран оқу барысында жиі кездесетін қателіктер түсіндіріліп, оларды түзету бойынша әдістемелік кеңестер берілді. Имамдар өзара тәжірибе алмасып, білімдерін толықтыруға мүмкіндік алды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



24 Маусым 2026
8 Мухаррам 1448

