Жуалы ауданы Теріс ауылдық округіндегі «Мырзахмет ата» мешітінде жамағатқа мұсылманша кебін тігу тәртібі таныстырылды.
Іс-шара барысында ауыл имамы Бауыржан Мұсағалиұлы ислам дінінде марқұмды жуындырып, кебіндеудің парыз кифая амалдарының бірі екенін түсіндірді. Түсіндіру жұмыстары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы әзірлеген «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабы негізінде жүргізілді.
Имам ер адамдар мен әйел адамдарға арналған кебін түрлері мен олардың ерекшеліктеріне тоқталды.
Ер адамдардың кебіні үш қабаттан тұрады:
Изар;
Қамис;
Лифафа.
Әйел адамдардың кебіні бес қабаттан тұрады:
Изар;
Лифафа;
Химор (бас орамал);
Қамис (жеңсіз көйлек);
Диръ (кеуде тұсын жабатын мата).
Кездесу барысында кебіннің әр бөлігінің қызметі мен жаназа рәсіміндегі маңызы жан-жақты түсіндіріліп, жамағаттың сұрақтарына жауап берілді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


24 Маусым 2026
8 Мухаррам 1448

