ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының деструктивті діни ағымдардан сақтандыру және ағарту бағытындағы жұмыс жоспары аясында Жамбыл өңірінде маңызды іс-шара ұйымдастырылды.

Бас мүфтидің кеңесшісі, Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі Смайыл Сүйерқұлұлы Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №59 мекемеге арнайы іс-сапармен барды. Білікті дінтанушы мекемеде жазасын өтеуші азаматтармен топтық кездесу өткізіп, рухани-ағарту жұмыстарын жүргізді. Айтулы шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы мен деструктивті діни ағымдардың алдын алу бағытына жауапты маман, имам Нұрлан Мұрат қатысты.

Кездесу барысында жазасын өтеушілерге «Жат ағымдардың шығу тарихы және олардың бүгінгі қоғамдағы көрінісі» тақырыбында кең көлемде дәріс оқылып, толыққанды ақпарат берілді. Смайыл Сүйерқұлұлы теріс пиғылды діни құрылымдардың айла-тәсілдері мен зардаптарын тарихи деректермен негіздей отырып, қатысушыларға жат идеологияның жетегіне кетпей, ата-бабамыз ғасырлар бойы ұстанып келген дәстүрлі Ханафи мазхабының құндылықтарына арқа сүйеуді, соның шеңберінде құлшылық қылуды қажеттігін баса айтты. Сонымен қатар жиналғандар тарапынан қойылған діни сауалдарға тұшымды, дәлелді жауаптар берілді.

Тағылымды кездесудің соңында Бас мүфти кеңесшісі мекемедегі сотталған азаматтардың рухани сауаттылығын арттыру және бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында өзінің авторлық туындылары — «Иман негіздері» және «Әмәуи халифаты» атты ғылыми-танымдық еңбектерін мекеменің кітапхана қорына салтанатты түрде тарту етті.

"Һибатулла Тарази" мешітітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: