ЖАМБЫЛ ИМАМДАРЫНА ЖИНАЛЫС ЖАСАЛДЫ

ЖАМБЫЛ ИМАМДАРЫНА ЖИНАЛЫС ЖАСАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде аймаққа қарасты қала және аудандардың бас имамдарына арналған жиналыс өтті. Жиынға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы басшылық етті.

Басқосу барысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасында жүктелген негізгі міндеттер тілге тиек етілді. Сонымен қатар өңірдегі бекітілген жылдық жоспарлардың іске асырылу барысы пысықталып, атқарылған жұмыстар жан-жақты қадағаланды. Жиын барысында діни салаға қатысты бірқатар өзекті мәселелер қозғалды.

Жиынды қорытындылаған облыс бас имамы Асқар Зәкіржанұлы алдағы уақытта да рухани ағарту ісіне серпін беру қажеттігін айтып, аудан және қала бас имамдарына нақты тапсырмалар жүктеді.

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: