БАС МҮФТИ КЕҢЕСШІСІ МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖ ШӘКІРТТЕРІМЕН ЖҮЗДЕСТІ

БАС МҮФТИ КЕҢЕСШІСІ МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖ ШӘКІРТТЕРІМЕН ЖҮЗДЕСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Һибатулла Тарази медресе-колледжі» жеке мекемесінің шәкірттері Бас мүфтидің кеңесшісі әрі ҚМДБ Стратегиялық талдау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сүйерқұлұлымен кездесті. Болашақ дін қызметкерлерін ынталандыруға бағытталған бұл шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы мен оқу орнының директоры Жарбол Болатұлы да қатысты.

Ғибратты жүздесу барысында Смайыл Сүйерқұлұлы дін құндылықтары мен сапалы білім алудың маңызына тоқталып, болашақ дін мамандарының алдында тұрған негізгі міндеттерді атап өтті. Сондай-ақ діни саладағы қызметке қатысты өзекті әрі түйіткілді мәселелерді тарқатып, шәкірттердің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді.

Бас мүфти кеңесшісі «Мұнара» телеарнасына берген сұқбатында бұл кездесудің басты мақсатын түсіндіріп: «Біздің негізгі мақсатымыз — шәкірттерге дұрыс бағыт-бағдар беру. Болашақта олардың өз ісіне адал, білікті әрі білімді маман болып шыққанын қалаймыз», — деп атап өтті.

Кездесу соңында оқу орнының басшылығы мен шәкірттері жоғары деңгейде өткен тағылымды жүздесу үшін ризашылықтарын білдірді.

"Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: