СМАЙЫЛ СҮЙЕРҚҰЛҰЛЫ ТАРАЗ ЖАМАҒАТЫНА УАҒЫЗ АЙТТЫ

СМАЙЫЛ СҮЙЕРҚҰЛҰЛЫ ТАРАЗ ЖАМАҒАТЫНА УАҒЫЗ АЙТТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бас мүфтидің кеңесшісі әрі ҚМДБ Стратегиялық талдау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сүйерқұлұлы Тараз қалалық «Әулие ата» мешітіне арнайы барды. Құптан намазының алдында мешіт мінберіне шыққан Бас мүфти кеңесшісі жиналған жамағатқа тағылымды уағыз-насихат айтты.

Смайыл Сүйерқұлұлы өз сөзінде заңға бағыну, қоғамдық тәртіпті сақтау және өзге азаматтардың құқығын құрметтеу мәселелеріне ерекше тоқталды. Ол Ислам дінінің негізгі құндылықтары әрқашан елдегі тыныштық пен өзара сыйластықты, заң үстемдігін қолдайтынын тілге тиек етті. Сондай-ақ мұсылман қауымының қоғамда тәртіп пен бейбітшілікті сақтауда әрқашан үлгі болуы керектігін атап өтті.

Жамағат көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Кеш соңында мешітке жиналған ақсақалдар мен қала тұрғындары маңызды кездесу үшін ризашылықтарын білдіріп, елдің амандығы мен бірлігі үшін бата жасады.

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: