ЖАСТАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ ДҰРЫС НАСИХАТ ТЫҢДАУ ТҮСІНДІРІЛДІ

ЖАСТАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ ДҰРЫС НАСИХАТ ТЫҢДАУ ТҮСІНДІРІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Әбдіжаппар Әмір жастармен кездесіп, «Әлеуметтік желіде дұрыс насихат тыңдау» тақырыбында уағыз айтты.

Кездесу барысында наиб имам интернет кеңістігінде діни ақпараттың көп таралғанын атап өтіп, әрбір мұсылманның ақпарат көзін таңдауда аса мұқият болуы қажеттігін түсіндірді. Сондай-ақ діни білімді тек сенімді әрі ресми дереккөздерден алу маңызды екенін айтып, күмәнді уағызшылар мен радикалды көзқарастардан сақ болуға шақырды.

Уағыз барысында әлеуметтік желіні пайдалы білім алуға, рухани дамуға және ізгі амалдарды насихаттауға пайдалану қажеттігі айтылып, жастардың көкейіндегі сұрақтарға жауап берілді.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: