#Мойынқұм: Дін мен дәстүр – егіз ұғым

#Мойынқұм: Дін мен дәстүр – егіз ұғым

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мойынқұм ауданында «Мойынқұм» мешітінің бас имамы Ержан Көшкімбай жамағатқа «Дін мен дәстүр» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.

Уағыз барысында имам қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ислам дінінің өзара сабақтастығына тоқталып, «Дін мен дәстүр» кітабының мазмұнын жан-жақты түсіндірді. Сондай-ақ ұлттық құндылықтарды сақтау, ата-баба мұрасын құрметтеу және діни танымды дұрыс қалыптастыру мәселелері кеңінен баяндалды.

Кездесу соңында жамағат көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Имам дін мен дәстүрдің бір-біріне қайшы келмейтінін, керісінше қоғамның рухани тұтастығын нығайтатын маңызды құндылықтар екенін атап өтті.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: