«Мойынқұм» мешітінде наиб имам Тұратбек Бердіқожаев жамағатқа «Дін мен дәстүр» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.
Уағыз барысында ислам дінінің ұлттық құндылықтармен үндестігі, ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрлердің тәрбиелік маңызы және оларды қазіргі қоғамда дәріптеудің қажеттілігі сөз болды. Сондай-ақ, жастарды имандылыққа, үлкенді құрметтеуге, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеуде дін мен дәстүрдің алатын орны кеңінен түсіндірілді.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


14 Қыркүйек 2026
1 Раби-сани 1448

