Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Қарақыстақ ауылдық «Бәйдібек баба» мешітінің имамы Сұлтанов Қайсар Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қайырымдылық шарасын атқарды. Қайырымдылық азық-түлік бойынша берілді. Ауылдағы жағдайы төмен, көп балалы 10 шақты мұқтаж отбасыға табыс етілді. Қайырымдылыққа демеуші болған жомарт кісіге ауыл имамы кәсібіне береке тілеп дұға жасап, алғысын айтты.
Адамның жақсысы өзгелерге көбірек пайда тигізгені. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Адамдардың жақсысы (өзге) адамдар үшін көбірек пайда тигізгендері», – деген (имам Табарани). Халқымыз: «Өзін ғана ойлаған – жамандықтың белгісі, өзгені де ойлаған – адамдықтың белгісі», – деп, өзгелерді ойлап, оларға пайдалы іс жасаудың маңызын айтқан.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



16 Маусым 2026
30 Зуль-хиджа 1447

