Жуалы: Жетімге қараудың сауабы тақырыбында насихат айтылды

Жуалы: Жетімге қараудың сауабы тақырыбында насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылындағы «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде жұма намазы оқылды. Жұма намазында ауданның бас имамы Есет Тұрдыбайұлы жамағатқа «Жетімге қараудың сауабы» тақырыбында насихат айтты.

Имам өз уағызында жетімге қамқорлық жасау – Алла Тағаланың ерекше жақсы көретін ізгі амалдарының бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, жетімге жанашырлық танытып, қамқор болған адамға ақыретте мол сауап пен зор марапат уәде етілген.

Осы ретте Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мына хадисі келтірілді: «Кімде-кім мұсылмандардың арасындағы бір жетімді өз үйіне алып, жегізіп-ішкізсе, егер кешірілмейтін күнә – Аллаға серік қосуды жасамаған болса, Алла Тағала оны міндетті түрде жәннатқа кіргізеді» (Термизи).

Сондай-ақ, дүниеде жетімнің көз жасын сүртіп, оған қорған болған жанды Алла Тағала Өз қамқорлығына алатыны айтылды. Ең үлкен марапаттың бірі – жәннатта Ардақты Пайғамбарымызбен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бірге болып, оған жақын көрші болу мәртебесіне ие болу.

Насихат соңында жамағат жетім-жесірлерге қамқорлық көрсетудің маңыздылығын тағы бір мәрте еске алып, ізгі амалдарға үнделді.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: