Мойынқұм ауданының бас имамы Ержан Көшкімбай аудандық орталық мешітте жамағатқа арнап «Зират және зиярат мәдениеті» бойынша кезекті пәтуа сағатын өткізді.
Жиында бас имам ҚМДБ тарапынан бекітілген «Зират және зиярат мәдениеті» құжатын негізге ала отырып, қабір басына барғанда сақталуы тиіс шариғат талаптарын түсіндірді. Атап айтқанда, зират басында ысырапқа жол бермеу, мазарларды шектен тыс сәулеттендірмеу, қабірлерді таза ұстау және бақилық болған жандарға дұға бағыштаудың дұрыс әдептері сөз болды.
Мойынқұм аудандық«Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



16 Маусым 2026
30 Зуль-хиджа 1447

