Перзент – ата-анаға Алла Тағаланың берген аманаты әрі баға жетпес сыйы. Ұрпақ тәрбиесі – қоғамның болашағын айқындайтын маңызды құндылықтардың бірі. Асыл дінімізде бала өмірдегі үлкен нығмет әрі жауапкершілік ретінде қарастырылады.
Осы орайда «Төле би» мешітінде Гүлжан Сағындыққызының ұйымдастыруымен «Қыз бала тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты тағылымды семинар өтті. Іс-шара барысында қыз бала тәрбиесінің маңызы, ата-ананың перзент алдындағы міндеттері, ұлттық және діни құндылықтарды бала бойына сіңіру жолдары кеңінен насихатталды.
Семинар барысында қатысушыларға тәрбиелік мәні зор насихаттар айтылып, шәкірттер арасында сұрақ-жауап ойындары ұйымдастырылды. Белсенділік танытқан шәкірттерге көтеріңкі көңіл-күй сыйланып, пайдалы мәліметтер берілді.
Мұндай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың саналы, ибалы болып қалыптасуына және отбасы құндылықтарын дәріптеуге үлкен үлес қосады.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.


14 Қыркүйек 2026
1 Раби-сани 1448

