«Ислам және адал қоғам» жылы аясында Жаңа жол ауылында әйел жамағатына арналған тағылымды дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараны «Күнту баба» мешітінің имамы Берік Әуесбаев ұйымдастырып, ауылдың қыз-келіншектері қатысты. Кездесу барысында қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – кері тартпа ағымдардың қауіп-қатері кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ дәстүрлі діннің ұстанымдары, ұлттық құндылықтарды сақтау және жастар тәрбиесі жайлы насихат айтылды.
Дөңгелек үстелде отбасы құндылықтарының маңызы ерекше қозғалып, Ислам дініндегі отбасының орны, ерлі-зайыптылардың өзара жауапкершілігі мен бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі жөнінде жан-жақты әңгіме өрбіді.
Жиын соңында қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, мазмұнды кездесудің маңыздылығын атап өтті. Ұйымдастырушылар мұндай рухани-танымдық шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



16 Маусым 2026
30 Зуль-хиджа 1447

