Жуалы ауданының Қарабастау ауылындағы «Билікөл» мешітінде демеушінің қолдауымен қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, қой еті таратылды.
Мешіт имамы Жәнібек Рапықұлы ауылдағы әлеуметтік жағдайы төмен және көмекке мұқтаж үш отбасыға қой етін үлестірді.
Шараның мақсаты – мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қайырымдылық пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


16 Маусым 2026
30 Зуль-хиджа 1447

