Жуалы:" Билікөл" мешітіне азан шақыруға арналған жаңа құрылғы орнатылды

Жуалы:" Билікөл" мешітіне азан шақыруға арналған жаңа құрылғы орнатылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданының Қарабастау ауылындағы «Билікөл» мешітіне азан шақыруға арналған жаңа дыбыс құрылғылары алынды.

Ауылдың 1988 жылы туған азаматтары және мектептің 20 жылдық түлектері мешіттің имамы Қуаныш Орынбасарұлына 150 000 теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетті. Берілген қаражатқа мешітке екі дана дыбыс зорайтқыш (колонка) пен бір дана күшейткіш (усилитель) сатып алынып, орнатылды.

Игі іске атсалысқан азаматтарға ауыл тұрғындары мен мешіт жамағаты зор алғысын білдіреді. Алла тағала жасаған қайырымдылықтарыңызға береке беріп, сауаптан жазсын!-деп имам батасын берді.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: