Жуалы ауданына қарасты Теріс ауылындағы «Мырзахмет ата» мешітінде тазалық шарасы ұйымдастырылды.
Мешіт имамы Бауыржан Мұсағалиұлының бастамасымен жұма күні мешіттің ішкі және сыртқы аумақтарында тазалық жұмыстары жүргізілді. Игі іске белсене қатысып, мешіт тазалығына өз үлестерін қосқан ауыл тұрғындарына алғыс ретінде тәтті торт тарту етілді.
Шара соңында имам жиналған қауымға ризашылығын білдіріп: — Алла Тағала баршаңыздың еңбектеріңізді қабыл етіп, сауаптарын еселеп жазғай. Мешітіміз әрдайым таза да көрікті болып, жамағат игілігіне қызмет ете берсін! — деп ақ батасын берді.
Мұндай игі бастамалар ауыл тұрғындарының ауызбіршілігін нығайтып, мешітке деген құрмет пен жанашырлықты арттыра түседі.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


16 Маусым 2026
30 Зуль-хиджа 1447

