Гродиково ауылының Арынғазы мешітінде кезекті "Ихсан дәрісі" жоғары рухани деңгейде өтті. Сабақты мешіт ұстазы Малик Унгарбаев жүргізді.
Жиналған жамағатқа адам тәрбиесіндегі нәпсінің орны мен маңызы кеңінен түсіндірілді. Ұстаз Ислам ілімінде айтылатын нәпсінің бірнеше түрі бар екенін атап өтті. Ол ең алдымен жамандыққа итермелейтін әммара нәпсісі туралы баяндады. Сонымен қатар, қателіктері үшін өзін жазғыратын ләууәмә нәпсісінің ерекшеліктеріне тоқталды. Сабақ барысында жүрегі тыныштық тапқан мұтмаинна нәпсісінің қасиеттері де түсіндірілді.
Ұстаз әрбір мұсылманның нәпсісін тәрбиелеуге ұмтылуы қажет екенін айтты. Жамағатқа рухани кемелденудің сабыр, тақуалық және ізгі амалдар арқылы жүзеге асатыны жеткізілді. Қатысушылар тақырып бойынша пайдалы мәліметтер алып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Ихсан сабағы жамағаттың діни білімін арттырып, рухани танымын тереңдетуге ықпал етті. Кездесу соңында жиналған қауым ұстаздың насихатынан тағылым алып, алған білімдерін өмірде қолдануға ниет білдірді.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


16 Маусым 2026
30 Зуль-хиджа 1447

