ЖАМБЫЛ: ПАЙҒАМБАР САЛҒАН САРА ЖОЛ

ЖАМБЫЛ: ПАЙҒАМБАР САЛҒАН САРА ЖОЛ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қызылқайнар ауылының Бейсеу ата мешітінде өткен рухани басқосуда мешіт ұстазы Ғалымжан Шернияз жиналған жамағатқа «Пайғамбар салған сара жол» тақырыбында мазмұнды насихат жүргізді. Насихат барысында ұстаз адамзатқа рақым ретінде жіберілген Мұхаммед пайғамбардың өмірі мен өнегелі іс-әрекеттері мұсылман қауымы үшін теңдессіз үлгі екенін жан-жақты түсіндірді.

Ол Пайғамбардың көркем мінезі мен жоғары адамгершілік қасиеттері қоғамдағы өзара сыйластық пен татулықтың берік негізін қалыптастыратынын атап өтті. Сонымен қатар, сүннетті берік ұстанған адамның рухани тұрғыдан кемелденіп, жүрегінде иман нұрының арта түсетінін мысалдар арқылы баяндады. Ұстаз жамағатқа Пайғамбардың әділдікке, сабырлылыққа және мейірімділікке үндейтін өсиеттерінің бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтпағанын жеткізді. Насихатта отбасындағы ізгі қарым-қатынас пен ата-анаға құрмет көрсету мәселелері қозғалып, олардың ислам әдебіндегі маңызы кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ, жастардың бойында имандылық пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруда Пайғамбар өнегесінің ерекше рөл атқаратыны айтылды.

Жиын барысында Құран мен сүннетті басшылыққа алған адамның дүниелік және рухани өмірінде игілікке қол жеткізетіні жөнінде тағылымды ойлар ортаға салынды.

Қатысушылар насихаттан мол рухани азық алып, өздерін толғандырған діни сұрақтарға қанағаттанарлық жауаптар алды.

Кездесу соңында жамағат Пайғамбар салған сара жолды ұстану әрбір мұсылманның басты міндеті екенін түйсініп, алған тәлімдерін күнделікті өмірде жүзеге асыруға ниет білдірді.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: