ЖАМБЫЛ: АЖЫРАСУ - ҚОҒАМ ДЕРТІ

ЖАМБЫЛ: АЖЫРАСУ - ҚОҒАМ ДЕРТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бесағаш ауылының Бесағаш мешітінің азаншысы Азамат Сабыр «Ажырасу – қоғам дерті» тақырыбында насихат айтты. Ажырасу – отбасының ғана емес, тұтас қоғамның тұрақтылығына әсер ететін өзекті мәселе.

Ислам діні ерлі-зайыптыларды өзара сыйластыққа, сабырлылыққа және түсіністікке үндейді. Отбасындағы келіспеушіліктерді ақылмен шешу – берекелі шаңырақтың негізі болып табылады. Ажырасудың салдары көбіне балалардың тәрбиесіне және олардың болашақ өміріне кері ықпал етеді.

Сондықтан әрбір отбасы қиындықтарға төзімділік танытып, татулықты сақтауға күш салуы қажет. Дінімізде неке қасиетті аманат ретінде қарастырылып, оны сақтау үлкен жауапкершілік саналады. Жамағатқа отбасы құндылықтарын дәріптеп, бірлік пен мейірімділікті нығайтудың маңызы түсіндірілді. Насихат соңында барша мұсылман қауымына отбасы бақыты мен ынтымағы тіленді.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: