Ауданымыздың "Бейсеу ата" мешіті жанындағы асхананың қызметін жақсарту мақсатында құны 100 мың теңге тұратын дыбыс күшейткіш аппараты орнатылды. Бұл игі бастама бес уақыт намазға азан шақыруға, мешітте және асханада өткізілетін діни-рухани және тәрбиелік шаралардың сапалы ұйымдастырылуына мүмкіндік береді.
Жаңа құрылғының орнатылуы нәтижесінде жиналған қауымға айтылатын насихаттар мен хабарландырулардың анық естілуі қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, аппараттың техникалық мүмкіндіктері көпшілік қатысатын іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге жағдай жасайды. Асханада өтетін құран бағыштау рәсімдері мен түрлі жиындар кезінде дыбыстың сапалы таралуы қатысушылардың жайлылығын арттырады. Мұндай игі жұмыстар мешіт қызметінің тиімділігін көтеріп қана қоймай, жамағатқа көрсетілетін қызмет сапасын да жақсартады.
Қайырымды жандардың қолдауымен жүзеге асқан бұл іс ауыл тұрғындарының діни-рухани өмірін дамытуға қосылған маңызды үлес болып саналады. Жамағат атынан аталған игі іске қолдау көрсеткен азаматтарға ризашылық білдіріліп, олардың еңбектеріне береке мен сауап дұға етілді.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


16 Маусым 2026
30 Зуль-хиджа 1447

