Меркі: Имамдар табиғат аясында тағылымды кездесу өткізді

Меркі: Имамдар табиғат аясында тағылымды кездесу өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданының имамдары табиғат аясында бас қосып, тау бөктерінде рухани-танымдық іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара барысында қазақы дәстүрімізді дәріптеу мақсатында киіз үй тігіліп, ұлттық құндылықтар кеңінен насихатталды.

Жиналған имамдар табиғаттың көркем көрінісін тамашалап, өзара пікір алмасып, бауырластық қарым-қатынасты нығайтты. Кездесу барысында діни-рухани уағыз-насихаттар айтылып, қоғамдағы бірлік пен татулықтың маңызы сөз болды.

Сонымен қатар, еліміздің тыныштығы мен халқымыздың амандығы үшін дұға жасалып, Алла Тағаладан береке-бірлік, бейбіт өмір тіленді. Жиынның рухани әсерін арттыра түскен қазақтың тағылымға толы термелері орындалып, ұлттық өнеріміздің өнегесі насихатталды.

Мұндай игі шаралар дін мен дәстүр сабақтастығын нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, сондай-ақ имамдардың өзара ынтымағы мен бірлігін арттыруға оң ықпал етеді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: