Меркі ауданында имамдар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және ұлттық спорт түрлерін дәріптеу мақсатында гір тасын көтеруден сайыс ұйымдастырылды.
Жарыс барысында ауданға қарасты мешіт имамдары өз бақтарын сынап, күш-қайраттары мен төзімділіктерін көрсетті. Қатысушылар арасында тартысты әрі қызықты бәсеке өтіп, әрбір имам жоғары белсенділік танытты.
Іс-шараның басты мақсаты – имамдардың дене шынықтырумен тұрақты айналысуына қолдау көрсету, бұқара арасында спорттың маңызын насихаттау және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Ислам діні де адамның рухани тәрбиесімен қатар, денсаулығына көңіл бөліп, күшті әрі қуатты болуға үндейді.
Сайыс соңында үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар марапатталып, барлық имамдарға алғыс білдірілді. Мұндай шаралар бауырластықты нығайтып, денсаулықты шыңдауға және ұлттық спортты дамытуға өз үлесін қосады.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



16 Маусым 2026
30 Зуль-хиджа 1447

