Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылындағы аудандық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде имамдармен басқосу аясында «Пәтуа сағаты» семинары өткізілді.
Семинар барысында аудан имамы Есет Тұрдыбайұлы ауыл имамдарына пәтуа сағатының маңыздылығы мен жүргізілу тәртібі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, пәтуаға қатысты өзекті мәселелер талқыланып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



16 Маусым 2026
30 Зуль-хиджа 1447

