Жуалы: Имамдарға арналған Уақып қоры бойынша семинар өтті

Жуалы: Имамдарға арналған Уақып қоры бойынша семинар өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданының Бауыржан Момышұлы ауылындағы «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде имамдарға арналған «Уақып қоры» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында ауданның бас имамы Есет Тұрдыбайұлы дін қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайырымдылық бастамаларды дамыту мәселелеріне тоқталды. Семинарда уақып институтының қоғамдағы орны мен маңызы кеңінен түсіндіріліп, діни және әлеуметтік мақсаттарға уақыт, мүлік және қаражат арқылы қызмет етудің игі амал екендігі айтылды.

Сондай-ақ қатысушыларға Уақып қорының қызметі, оның қайырымдылық жұмыстарын жүйелі түрде жүзеге асырудағы рөлі және қоғам игілігіне бағытталған жобалары жөнінде мәлімет берілді.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: