Жуалы ауданындағы «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде имамдардың қатысуымен «Отбасылық кеңес беру» айлығы аясында басқосу өтті.
Іс-шара барысында аудан имамы Есет Тұрдыбайұлы мешітке келетін жастармен және неке қию рәсіміне жүгінген жұптармен жүйелі түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығына тоқталды. Ол отбасы құндылықтарын насихаттап, ұрыс-керіс, жанжал және ажырасу секілді келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында насихат жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтті.
Кездесу барысында имамдар отбасылық татулықты нығайту, жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру және қоғамдағы отбасы институтының рөлін арттыру мәселелерін талқылады.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



16 Маусым 2026
30 Зуль-хиджа 1447

