Жуалы: "Толымбай тегі Зиябек" мешітінде Құран Кәрімді оқу бойынша семинар өтті

Жуалы: "Толымбай тегі Зиябек" мешітінде Құран Кәрімді оқу бойынша семинар өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылындағы «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде Құран Кәрімді оқу бойынша семинар ұйымдастырылды.

Семинар барысында ауданның бас имамы Есет Тұрдыбайұлы дін қызметкерлеріне Құран Кәрімді оқу бағдарламасы аясында жүргізілетін даярлық жұмыстары туралы түсіндірме берді. Ол мешіт имамдары, наиб имамдар, ұстаздар мен молдалардың Құран Кәрім бойынша білімдерін жетілдіріп, біліктіліктерін арттыру мақсатында жүйелі дайындық жүргізу қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, «С» санатындағы діни қызметкерлерге (Мұғалім сани деңгейі) қойылатын талаптар түсіндірілді. Атап айтқанда, олар «Фатиха» сүресін, «Бақара» сүресінің 1–5-аяттарын және «Фил» сүресінен бастап «Нәс» сүресіне дейінгі сүрелерді тәжуид ережелеріне сай жатқа, қатесіз оқи алуы тиіс. Сондай-ақ намаз барысында және намаздан кейін оқылатын дұғаларды дұрыс әрі сауатты орындау қажеттігі айтылды.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: