Жуалы: Аудандық мешітте ауыл имамдарының қатысуымен жиналыс өтті

Жуалы: Аудандық мешітте ауыл имамдарының қатысуымен жиналыс өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданындағы аудандық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде ауылдық мешіт имамдарының қатысуымен кезекті жұмыс жиыны өтті.

Жиынды ауданның бас имамы Есет Тұрдыбайұлы жүргізіп, ауылдық және жергілікті мешіттердің қызметіне қатысты бірқатар маңызды мәселелерді талқылады. Басқосу барысында діни ағарту және уағыз-насихат жұмыстарын жетілдіру, жұма уағыздарының сапасын арттыру, ұлттық құндылықтарды ислам дінімен сабақтастыра отырып дәстүрлі дінді насихаттау мәселелері сөз болды.

Сонымен қатар, қоғамдағы діни тұрақтылықты нығайту, теріс діни ағымдардың алдын алу, жамағат арасындағы ауызбіршілік пен ынтымақты арттыру, қайырымдылық шараларын жандандыру бағытында нақты тапсырмалар берілді.

Жиында мешіттердің қысқы жылыту маусымына дайындығы, тазалық жұмыстары және қауіпсіздік шаралары, оның ішінде бейнебақылау жүйелерінің жай-күйі де қарастырылды.

Кездесу соңында аудан имамы әрбір ауылдық мешіт қызметкеріне жамағатпен тығыз байланыс орнатуды, діни сауат ашу курстарының жұмысын жандандыруды және бекітілген жылдық жоспардың сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ келер жылға «Иман» журналы мен «Мұнара» газетіне жазылу барысы пысықталды.

Жиын ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін жасалған дұға-батамен қорытындыланды.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: