#Шу: «Адал еңбек еткені – Алла жолында жүргенің» тақырыбында уағыз айтылды

#Шу: «Адал еңбек еткені – Алла жолында жүргенің» тақырыбында уағыз айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Жәми» мешітінің ұстазы Ерғазы Ақпанов «Тоғай» мешітінде жамағатпен жүздесіп, «Адал еңбек еткені – Алла жолында жүргенің» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.

Уағыз барысында адал еңбектің Ислам дініндегі маңызы, ризықты халал жолмен табудың артықшылығы және еңбекқорлықтың адам өміріндегі орны туралы айтылды. Сонымен қатар, Қасиетті Құрандағы: «Адамға өз еңбегінің ғана нәтижесі тиесілі» («Нәжм» сүресі, 39-аят) деген аят негізінде әрбір мұсылманның адал еңбек етіп, қоғам игілігіне үлес қосуы керектігі түсіндірілді.

Кездесу барысында жамағат адал кәсіп пен таза табыстың берекесі жайлы тағылымды насихат тыңдап, рухани әсер алды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: