Шу ауданының бас имамы Алмас Кенжемолдаев «Хати Сауранбайұлы» мешітінің жамағатымен кездесіп, «Ислам және адал қоғам» жылы аясында насихат жүргізді. Кездесу барысында адалдықтың қоғамдағы орны, әділдік пен жауапкершілік, жетім-жесірге қамқорлық жасаудың маңызы туралы кеңінен сөз болды.
Уағыз барысында Қасиетті Құранның: «Расында, Алла сендерге аманаттарды иелеріне тапсыруды және адамдар арасында билік айтсаңдар, әділдікпен үкім етуді бұйырады» («Ниса» сүресі, 58-аят) деген аяты келтіріліп, адалдық пен әділдіктің мұсылман өміріндегі негізгі құндылықтардың бірі екені түсіндірілді.
Кездесу соңында жамағатқа ізгі қоғам қалыптастыруда әрбір азаматтың адалдық пен қамқорлық қағидаларын ұстануы маңызды екені насихатталды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.


10 Маусым 2026
24 Зуль-хиджа 1447

