Жамбыл облысы, Жуалы ауданына қарасты Күреңбел ауылдық мешітінде бесін намазының алдында жамағатқа тағылымды уағыз айтылды.
Мешіт имамы Рамазан Әскертайұлы қасиетті Құран Кәрімнен «Рағд» сүресінің 33-аятын түсіндіріп, оның терең мағынасы мен тағылымдық ғибраттары туралы насихат жүргізді. Уағыз барысында Алла Тағаланың хикметі, пайғамбарлардың адамзатқа үлгі болуы және әрбір істің Алланың қалауымен жүзеге асатыны жайында кеңінен баяндалды.
Жамағат айтылған насихаттан рухани азық алып, имамның түсіндірмесін ықыласпен тыңдады. Уағыз соңында барша мұсылман қауымға ізгі тілектер айтылып, елдің амандығы мен бірлігі үшін дұға жасалды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


10 Маусым 2026
24 Зуль-хиджа 1447

