#Шу: Тасөткел ауылдық мектепте рухани құндылықтар жайлы дөңгелек үстел өтті

#Шу: Тасөткел ауылдық мектепте рухани құндылықтар жайлы дөңгелек үстел өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тасөткел ауылының имамы Әлім Ержанның ұйымдастыруымен мектеп оқушыларымен «Дін және жастар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Кездесу барысында ұлттық құндылықтар мен діни дәстүрдің сабақтастығы, жастар тәрбиесіндегі отбасының рөлі және ата-ананы құрметтеудің маңызы кеңінен сөз болды.

Имам жастарға адамгершілік, ізгілік пен жауапкершілік қасиеттерінің мәнін түсіндіріп, дәстүр мен діннің өзара үндестігі туралы тағылымды ойларымен бөлісті. Оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасуға мүмкіндік алды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: