ЖАМБЫЛ: УАҚЫП - САУАПТЫ АМАЛ

ЖАМБЫЛ: УАҚЫП - САУАПТЫ АМАЛ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық Бәйдібек мешітінің наиб имамы Азамат Балхожаев мешітке келген жамағатқа "Уақып – сауапты іс" тақырыбында мазмұнды насихат айтып, оның рухани және қоғамдық маңызына кеңінен тоқталды.

Уағыз барысында ол уақыптың адамдарға үздіксіз пайда әкелетін ізгі амалдардың бірі екенін түсіндіріп, мұндай қайырлы істердің қоғамдағы жанашырлық пен өзара қолдауды күшейтетінін атап өтті.

Сонымен қатар, наиб имам ислам тарихында уақыптың білім мен ғылымның дамуына, сондай-ақ әлеуметтік мәселелердің шешілуіне үлкен үлес қосқанын нақты мысалдармен баяндады.

Азамат Балхожаев әрбір мұсылманның шамасына қарай игі іске атсалысуы оның сауап қорын арттырып қана қоймай, қоғам игілігіне де қызмет ететінін жеткізді.

Кездесу барысында жамағатқа уақыптың тек материалдық көмек емес, халыққа пайдалы тұрақты игілік қалдырудың көрінісі екені жан-жақты түсіндірілді.

Сондай-ақ, ол қайырымдылық пен мейірімділік құндылықтарын дәріптеу арқылы берекелі қоғам қалыптастыруға болатынын атап өтіп, жамағатты сауапты істерге белсенді қатысуға шақырды.

Тағылымды насихат соңында жиналған қауым уақыптың мәні мен маңызын тереңірек түсініп, игі бастамаларды қолдаудың адамға да, қоғамға да мол пайда әкелетінін ұғынды.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: