«Төле би» мешітінің жанындағы орыс тілді топ табиғат аясында спорттық эстафета, түрлі ойындар мен пикник ұйымдастырды. Іс-шара барысында қатысушыларға «Берекелі демалыс» тақырыбында уағыз-насихат айтылды.
Уағызда демалыс уақытын пайдалы өткізудің маңызы, денсаулықты нығайту, достық пен бауырмалдықты арттыру, сондай-ақ Алланың нығметтеріне шүкіршілік ету жайында сөз қозғалды. Қатысушылар спорттық сайыстарға белсене қатысып, ұйымшылдық пен өзара қолдаудың үлгісін көрсетті.
Тағылымды шара көтеріңкі көңіл күй мен рухани әсер сыйлап, қатысушылардың сергек әрі берекелі демалыс өткізуіне мүмкіндік берді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



10 Маусым 2026
24 Зуль-хиджа 1447

