ЖАМБЫЛ: ЫСЫРАПШЫЛДЫҚ - АЛЛА СҮЙМЕЙТІН АМАЛ

ЖАМБЫЛ: ЫСЫРАПШЫЛДЫҚ - АЛЛА СҮЙМЕЙТІН АМАЛ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қызылқайнар ауылындағы "Бейсеу ата" мешітінде ауыл тұрғындарына арналған рухани кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында мешіт имамы Ермуханбет Берсүгір "Ысырапқа жол жоқ" тақырыбында тағылымды насихат айтты. Имам өз сөзінде ысырапшылдықтың ислам дінінде құпталмайтын әрекеттердің бірі екенін атап өтті. Ол адам баласының өзіне берілген нығметтерді қадірлеп, оларды орынды әрі тиімді пайдалануы қажет екенін түсіндірді. Сонымен қатар, күнделікті өмірде азық-түлікке, уақытқа және қаржыға қатысты ысыраптың жиі кездесетінін мысалдар арқылы жеткізді. Насихат барысында қанағатшылдық пен үнемшілдіктің адам өміріндегі маңызы кеңінен сөз болды.

Имам артық шығын мен орынсыз мақтан үшін жасалатын әрекеттердің қоғамға да, жеке адамға да пайда әкелмейтінін айтты. Сондай-ақ, ол ауыл тұрғындарын дастархан мәзірін жоспарлы ұйымдастырып, тағамның рәсуа болуына жол бермеуге шақырды. Кездесуде бала тәрбиесінде үнемшілдік пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастырудың маңыздылығы да ерекше атап өтілді.

Жиналған қауым тақырыпқа қызығушылық танытып, өз ойларымен бөлісіп, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды. Тағылымды жиын тұрғындардың ысыраптың зиянын терең түсінуіне ықпал етіп, қоғамда үнемшілдік мәдениетін қалыптастырудың маңызын айқындай түсті.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: