ЖАМБЫЛ: УАҚЫП - ҚАЙЫРЛЫ ІС

ЖАМБЫЛ: УАҚЫП - ҚАЙЫРЛЫ ІС

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық "Бәйдібек" мешітінің бас имамы Даурен Куттыбаев мешітке келген жамағатқа "Уақып – қайырлы іс" тақырыбында мазмұнды уағыз айтып, оның қоғамдағы орны мен маңызын жан-жақты түсіндірді. Уағыз барысында ол уақыптың адамдарға ұзақ мерзімді пайда әкелетін сауапты амал екендігін атап өтіп, мұндай игі бастамалардың қоғамдық бірлікті нығайтуға ықпал ететінін жеткізді.

Сонымен қатар, бас имам ислам өркениетінің дамуында уақып институтының ерекше рөл атқарғанын айтып, оның білім беру, қайырымдылық және әлеуметтік қолдау салаларындағы үлестеріне тоқталды.

Даурен Куттыбаев ата-бабаларымыздың да халық игілігі үшін түрлі уақыптар қалдырғанын мысалға келтіріп, бұл дәстүрдің бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтпағанын атап өтті. Кездесу барысында жамағатқа қайырымдылық жасаудың тек материалдық көмекпен шектелмейтіні, керісінше қоғамға пайдалы әрбір істің қайырлы амал ретінде бағаланатыны түсіндірілді.

Сондай-ақ, ол әрбір мұсылманды мүмкіндігіне қарай игі жобаларға қолдау көрсетіп, елдің рухани және әлеуметтік дамуына үлес қосуға шақырды. Тағылымды насихат соңында жамағат уақыптың мәні мен маңызын тереңірек түсініп, қайырлы істерді көбейтудің қоғамның берекесі мен ынтымағын арттыратын маңызды құндылық екеніне көз жеткізді.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: