БАЙЗАҚ: АУЫЛ ИМАМ МОЛДАЛАРЫ ҚҰРАН КУРСЫНА ҚАТЫСУДА

БАЙЗАҚ: АУЫЛ ИМАМ МОЛДАЛАРЫ ҚҰРАН КУРСЫНА ҚАТЫСУДА

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы, Байзақ ауданында ауыл имам-молдаларына арналған Құран оқу курсы ұйымдастырылып, қасиетті кітапты дұрыс оқу мен тәжуид қағидаларын жетілдіруге бағытталған сабақтар жүйелі түрде жүргізілуде. Аталған рухани шараны Байзақ аудандық бас имамы Қанат Әділханұлы жүргізіп келеді.

Курс барысында қатысушылар Құран аяттарын дұрыс оқу, махраж ережелерін сақтау, тәжуид ілімінің негізгі қағидаларын меңгеру бағытында дәріс алуда. Сонымен қатар, имам-молдалардың діни білімін жетілдіру, жамағат алдындағы жауапкершілігін арттыру және рухани қызмет сапасын көтеру мәселелері де кеңінен түсіндірілді.

Аудан бас имамы өз сөзінде Құран ілімін үйренудің маңыздылығына тоқталып, қасиетті кітапты сауатты оқу – әрбір дін қызметкерінің басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ, мұндай игі бастамалар ауыл мешіттеріндегі діни ағарту жұмыстарының сапасын арттыруға оң ықпал ететінін жеткізді.

Курсқа қатысушылар ұйымдастырылған тағылымды дәрістерге ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта да білімдерін жетілдіруге ниетті екендерін айтты. Аталған Құран курсы аудан мешіттеріндегі имам-молдалардың кәсіби біліктілігін арттырып, діни қызметтің сапасын нығайтуға бағытталған маңызды рухани шаралардың бірі болып саналады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: