БАЙЗАҚ: ҚУҒЫҢ-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ ШАРАСЫ ӨТТІ

БАЙЗАҚ: ҚУҒЫҢ-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ ШАРАСЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай аудан бас имамы Қанат Жұмағұл тағылымды шараға қатысып, жазықсыз жапа шеккен боздақтардың рухына Құран бағыштады.

Шара барысында қуғын-сүргін құрбандары бір минут үнсіздікпен еске алынып, олардың ел тәуелсіздігі мен болашақ ұрпақ үшін тартқан ауыр тағдырлары туралы айтылды. Аудан бас имамы ата-бабаларымыздың рухына дұға жасап, Алла Тағаладан олардың мекенін жәннаттан етуін тіледі.

Сондай-ақ, жиналған қауымға өткен тарихтан тағылым алып, ел бірлігі мен татулығын сақтау, бейбітшілік пен тұрақтылықтың қадірін білу керектігі жөнінде насихат айтылды.

Алла Тағала дүниеден өткен барша ата-бабаларымыздың рухын шат, жатқан жерлерін жайлы етсін! Әмин.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: