Байзақ ауданында жастардың рухани тәрбиесін нығайту мақсатында мешіт шәкірттеріне арналған табиғат аясындағы тағылымды кездесу ұйымдастырылды. Аталған шара барысында шәкірттер таза ауада серуендеп, рухани-танымдық насихат тыңдап, өзара бауырмалдықты арттырды.
Іс-шараға жетекшілік еткен ұстаздар жастарға көркем мінез, әдеп, үлкенге құрмет пен кішіге ізет көрсету жайында насихат айтып, табиғатты аялаудың да мұсылманның жауапкершілігі екеніне тоқталды. Сонымен қатар, шәкірттер арасында түрлі спорттық және танымдық ойындар ұйымдастырылып, бұл серуен шәкірттерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Кездесу барысында қасиетті Құран аяттары оқылып, ел тыныштығы мен жұрт амандығы үшін дұға жасалды. Табиғат аясындағы тағылымды басқосу шәкірттердің бір-бірімен жақын араласуына, рухани серпіліс алуына және салауатты өмір салтын насихаттауға оң әсерін тигізді.
Шара соңында ұйымдастырушылар мұндай кездесулер жастар тәрбиесінде маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, алдағы уақытта да рухани-танымдық бағыттағы іс-шаралар жалғасын табатынын жеткізді.



13 Маусым 2026
27 Зуль-хиджа 1447

