Қордай ауданы, Әлжан ана ауылындағы «Құдайберген» мешітінің имамы Саламат Сәлімұлының ұйымдастыруымен «Балаларды қорғау» күніне арналған игі шара өтті.
Мерекелік іс-шара барысында ауыл балаларына тәттілер таратылып, олардың мерекелік көңіл-күйін көтеруге ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар балаларға ізгі тілектер айтылып, олардың қуанышына ортақ болған ата-аналар мен жамағат мүшелеріне алғыс білдірілді.
Шараның мақсаты – бүлдіршіндерге қуаныш сыйлап, оларға қоғамның қамқорлығы мен мейірімін сезіндіру. Балалардың шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл-күйі мерекенің сәнін келтірді. Алла Тағала ұрпағымыздың амандығын, дендерінің саулығын нәсіп етіп, елге қызмет ететін білімді де тәрбиелі азамат болып өсуін жазғай!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



14 Қыркүйек 2026
1 Раби-сани 1448

