#Шу: Көктөбе ауылында ақсақалдармен кездесу өтті

#Шу: Көктөбе ауылында ақсақалдармен кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Көктөбе ауылындағы «Рақыш ата» мешітінде ауыл ақсақалдарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуді ауданның бас имамы Алмас Кенжемолдаев жүргізді.

Жиын барысында ауылдағы діни ахуал, жастар тәрбиесі, ұлттық дәстүрлер мен рухани құндылықтарды дәріптеу мәселелері сөз болды. Бас имам жамағат арасында бірлікті нығайту, дәстүрлі діни танымды насихаттау және қоғамдағы өзекті мәселелердің алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Өз кезегінде ауыл ақсақалдары мешітте жүзеге асырылып жатқан игі шараларға ризашылықтарын білдіріп, ауылдың рухани өмірін дамытуға және діни тұрақтылықты сақтауға әрдайым қолдау көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: