Қордай: «Қаракемер 2» мешітіне имам тағайындалды

Қордай: «Қаракемер 2» мешітіне имам тағайындалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Қаракемер ауылындағы «Қаракемер 2» мешітіне имам болып Махамбет Махатов тағайындалды. Сонымен қатар, Жұмахан Отан мешітке ұстаз қызметіне бекітілді. Тағайындау рәсіміне ауданның бас имамы Азамат Берікұлы, ауыл ақсақалдары және мешіт жамағаты қатысты.

Бас имам жаңа қызметкерлерді жамағатқа таныстырып, алдағы жауапты қызметтеріне сәттілік тіледі. Сондай-ақ мешіттің діни-ағарту жұмыстарын жандандыру, жамағатпен тығыз байланыс орнату және жастар тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу қажеттігін атап өтті. Жамағат мүшелері жаңа имам мен ұстазға ақ тілектерін білдіріп, қызметтеріне береке мен табыс тіледі.

Өз кезегінде Махамбет Махатов пен Жұмахан Отан көрсетілген сенім үшін алғыстарын айтып, елдің рухани дамуына қызмет ету жолында аянбай еңбек ететіндерін жеткізді. Алла Тағала жаңа қызметтеріне береке беріп, жамағатпен бірлесе атқаратын игі істеріне мол сауап пен табыс нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: