Қордай: «Мухамедамин» мешіті имамының ұйымдастыруымен балаларға тәттілер таратылды

Қордай: «Мухамедамин» мешіті имамының ұйымдастыруымен балаларға тәттілер таратылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Беріктас ауылындағы «Мухамедамин» мешітінің имамы Балаларды қорғау күніне орай бүлдіршіндерге қуаныш сыйлау мақсатында қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Іс-шара барысында ауыл балаларына тәттілер таратылып, мерекелік көңіл-күй сыйланды. Балалардың шат күлкісі мен қуанышы шараның басты көрінісіне айналып, оларға ізгі тілектер айтылды. Мешіт тарапынан ұйымдастырылған мұндай игі бастамалар өскелең ұрпаққа қамқорлық көрсетіп, олардың жүрегіне мейірім мен жақсылық ұялатуға бағытталған.

Сонымен қатар балаларға жақсы тәрбие мен рухани құндылықтардың маңызы түсіндірілді. Алла Тағала бүлдіршіндерімізге амандық, бақытты балалық шақ, жарқын болашақ нәсіп етіп, олардың қуанышына себеп болған азаматтардың игі істерін қабыл етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: