Қордай ауданы, Әлжан ана ауылындағы «Құдайберген» мешітінің имамы Саламат Сәлімұлының ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өткізіліп, үш мүмкіндігі шектеулі балаға ерекше көңіл бөлінді. Игі шара барысында балалардың үйлеріне арнайы барып, олардың хал-жағдайлары сұралды. Сонымен қатар бүлдіршіндерге тәттілер тарту етіліп, көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.
Балалар мен олардың ата-аналарына жылы лебіздер айтылып, ізгі тілектер білдірілді. Бұл шараның басты мақсаты – ерекше күтімді қажет ететін балаларға қоғамның жанашырлығы мен қамқорлығын сезіндіру, олардың жүздеріне қуаныш сыйлау.
Осындай қайырымдылық істері мейірімділік пен адамгершілік құндылықтарын дәріптеп, қоғамдағы өзара қолдауды нығайта түседі. Алла Тағала бүлдіршіндерімізге шипа, дендеріне саулық, отбасыларына амандық пен сабыр нәсіп етіп, қайырымды іске ұйытқы болған жандардың сауаптарын еселеп жазғай!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



13 Маусым 2026
27 Зуль-хиджа 1447

