Қордай: «Ал Хафиз» мешіті имамының ұйымдастыруымен балаларға тәттілер таратылды

Қордай: «Ал Хафиз» мешіті имамының ұйымдастыруымен балаларға тәттілер таратылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Жамбыл ауылындағы «Ал Хафиз» мешітінің имамы Таукеев Талғаттың ұйымдастыруымен Балаларды қорғау күніне орай қайырымдылық шарасы өтті. Ізгі шара аясында ауыл балаларына тәттілер таратылып, мерекелік көңіл-күй сыйланды.

Балалардың қуанышына ортақ болған ұйымдастырушылар өскелең ұрпаққа қамқорлық көрсету мен олардың жүрегіне қуаныш ұялатудың маңыздылығын атап өтті. Шара барысында бүлдіршіндерге жылы лебіздер айтылып, олардың аман-есен өсіп, елінің игілікті азаматы болуы үшін ақ тілектер білдірілді.

Мұндай игі бастамалар балалардың мерекелік көңіл-күйін көтеріп қана қоймай, қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын нығайтуға ықпал етеді. Алла Тағала балаларымызға амандық, бақытты балалық шақ нәсіп етіп, олардың қуанышына себеп болған азаматтардың сауапты істерін қабыл етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: